7.04.2022, 16:16
Оқылды: 176

«Сурет салып, кітап оқы»

Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық кітапханасында Балалар жылына арналған балалар кітабы апталығы "Менің сүйікті кейіпкерім" атты жұлдызды сағат шарасының қорытынды кешін ұйымдастырды.

мич (4)

Балаларға халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегі туралы түсінік, ертегілер кейіпкерлері туралы жалпы мағлұмат беру, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа, сыпайы қарым-қатынас жасай білуге, үлкен-кішіні сыйлауға тәрбиелеу мақсатында өткен тағылымды шараға қатысушылар көп болды.

Қызықты кездесудің қорытынды кешіне саз мектебінің оқытушылары мен оқушылары және Жамбыл ауылдық кітапханасы ұжымы мен кішкентай оқырмандары қатысты.

Балаларға үлкен қуаныш сыйлаған тағылымды кешке жеткіншектердің сүйікті кейіпкерлері келіп, оларды ертегі әлеміне саяхат жасатты. Сондай-ақ әр бала өзінің сүйікті кейіпкерін бейнелеген суреттерін салып, оны арнайы көрме орнына ілді.

мич (3) (1)

Бүкіл әлем 2 сәуірде Данияның атақты ертегішісі Ганс Кристиан Андерсеннің туған күніне орай Халықаралық балалар кітабы күнін атап өтеді.

Айтулы күнге орай орталық балалар кітапханасы тұрақты оқырмандарына арналған қызықты кеш ұйымдастырды.

Шара басында орталық балалар кітапханасының меңгерушісі З.Габдулиева тағылымды кешке жиылған балаларға жылы лебізін білдіріп, айтулы күнмен құттықтады.

Кейін кітапхана қызметкерлері А.Абылаева мен А.Тулеуова  жас оқырмандарды «Құпия кітабы» акциясына белсене қатысуға шақырды.

Одан соң «Сүйікті кітап беттерінен» атты сұрақ-жауапқа кезек беріліп, кітапқұмар оқырмандарымыз Гульжайна Рахметоллеева, Аружан Алип, Айдана Нұртас, Айнәзік Жақсылық, Ағайынды Әбдісәләм мен інісі Ерсұлтан Нұрлановтар, Мейрамбек Тойлыбай, Көркемай Тажикова сияқты кітапқұмар балақайлар белсенділік танытып, жасырылған кейіпкер мен кітапты да оңай тапты.

Көп баланың қызығушылығын оятқан шараға кітапхана қызметкерлерінің көмекшісі ретінде қатысқан Гүлжайна Рахметоллеева мен Диана Тойлыбаева бүлдіршіндерге кітап таңдауға көмектесті. Сондай-ақ бала таңдаған оқулық туралы шағын түсініктеме беріп, оларды формулярға тіркеді.

Сонымен қатар жас оқырмандар әлем қалаларында орналасқан көптеген елдердің өзіндік нышаны, мәдениеттің айнасы болып табылатын әдеби кейіпкерлерге арналған ескерткіштерге виртуалды саяхатқа қатысты.

Олар еліктеуге тұрарлық, есте сақтауға лайық Алдар Көсе, кішкентай су перісі, Том Сойер, Айболит, Алиса, Стёпа ағай, Ассоль, Нильс, Буратино, Мюнхаузен, Федор ағай, Питер Пен, Гарри Поттер және басқа да сүйікті кейіпкерлерімен кездесе алды. Шара ұйымдастырушылары әр кейіпкер туралы толық мағлұмат берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале