8.04.2022, 10:30
Оқылды: 7

Футболдан Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі аяқталды

Футболдан 2022 жылғы Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1

Жарыстың аталған сатысында Қызылорданың «Қайсары» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпес» командасын 2:0 есебімен басым түсті.

Ал Талдықорғанның «Жетісуы» өз алаңында Шығыс Қазақстан облысының «Алтайын» 4:0 есебімен сүріндірді.

Алғашқы кезеңдегі өзге ойын нәтижелері төмендегідей:

«Қыран» (Шымкент) - «Оңтүстік академиясы» (Шымкент) 0:3

«SD Family» (Нұр-Сұлтан) - «Жас Қыран» (Алматы) 1:1 (5:6, пенальтиден)

«Aqtobe City» - «Арыс» (Түркістан облысы) 2:1

«Игілік» (Тараз) - «Жеңіс» (Нұр-Сұлтан) 1:2

«Байқоңыр» (Қызылорда) - «Жас Сұңқар» (Нұр-Сұлтан) 1:4

«Яссы» (Түркістан) - «Хан-Тенгри» (Алматы) 0:0 (2:1, пенальтиден)

Енді екінші кезеңде «Aqtobe City» мен «Жетісу», «Қайсар» мен «Жас Сұңқар», «Оңтүстік академиясы» мен «Жеңіс», «Яссы» мен «Жас Қыран» кездеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале