8.04.2022, 15:00
Оқылды: 73

«Сауатты ұлт – салауатты болашақ»

Осындай атаумен кеше Сырым ауданының Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінде 8-10 сынып оқушылары арасында облыстық пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі өтті.

22

Аталмыш пікірсайыс алаңында аудандағы балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының шәкірттерінен бөлек, ауылдық округтегі мектептерден 19 фракция қатысты.

26
Республикадағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, қолдау және насихаттау мақсатымен өткізілген турнирде «Ғалымдар экологиялық апаттардың салдарын асыра сілтеп көрсету керек деп есептейді», «Мектеп оқушыларына арналған қандай да бір байқау, жарыстардың бағалау талаптары шынайы бағасынан гөрі, оқушының  көңіл-күйін түсірмеу жағдайларына басымдық қою керек деп есептейді», «Қазіргі Қазақстан үкіметі ретінде Алашорда идеологиясын қайта жаңғыртады» секілді қарарлар бойынша әдемі, тартысты ойын өрнегін көрсете білгендей.

24
- Аудан көлеміндегі пікірсайысшылар облыс, республика деңгейінде ойын көрсетуі үшін әлі де еңбектенуі тиіс. Мықты ораторларды шығару үшін жетекшілерге де ізденіс керек,-деді Сырым мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі, бас төреші Бекболат Нығметжанов.

23
Турнир төрешілерінің шешімі бойынша, ІІІ орынға көгерістік «Step» пен бұлдыртылық «Риторика» табан тіресе, ІІ орынды бұландық «Ұшқын» фракциясы еншіледі. Қарсылас фракциялардан оқ бойы озық болған Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің «LTJ» фракциясы І орынға лайық деп танылды.

25
Одан бөлек, қатысушылар арасынан Ақбота Ширмедин мен Динара Талапова «Үздік спикер», Бердібек Серікқали «Үздік парламентария» үздіктер қатарынан көрінсе, Бекболат Нығметжанов пен Мәди Қайров «Үздік төреші», Айдана Магний мен Нұрсұлтан Жәнібек «Үздік таймкипер» аталымдарын иеленді.
Ағымдағы жылдың 15-16 сәуір күндері Орал қаласында өтетін облыстық пікірсайыс турнирінде ауданымыздың намысын Азалия Берікова мен Ақбота Ширмединнен құралған mix команда қорғайтын болады.

21
- Сәуір айының 1-20 күндері «Балдәурен» Республикалық оқу сауықтыру орталығында  ұйымдастырылып жатырған ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған «Көзқарас» республикалық дебат турниріне республикалық, облыстық, аудандық дебат турнирлерінің жеңімпаздары, мектеп дебат клубтарының қатысушылары шақырылған болатын. Солардың қатарында Батыс Қазақстан облысынан арнайы шақырту алған Сырым ауданындағы дебат үйірмелерінің 14 оқушысы қатысып жатырғандығын мақтанышпен айта аламыз,-деді қорытынды сөзінде Сырым ауданының білім беру бөлімінің дарынды оқушылармен жұмыс жөніндегі әдіскері Гүлдана Шайхиева.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале