8.04.2022, 15:16
Оқылды: 93

Балаға бағдаршам болған басылым

Орал қаласы Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында «Баспасөз – бала көзімен» атты әдеби-сазды кеш өтті.

фото (1)

Жайық өңіріндегі жас жеткіншектер шығармашылығының дамуына жол ашатын осы кеште орталықтың директоры Бауыржан Ергенұлы Халиолла басылым ұжымын құттықтап, өңіріміздегі бірқатар ұстаздардың өңіріне «Самал» басылымына - 20 жыл» төсбелгісін тақты. Сонымен қатар облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Дархан Қадыралиев аталмыш газеттің редакторы Жұмажан Сүндетовке қажырлы еңбегі үшін өңір басшысы Ғали Есқалиевтің және өзінің атынан алғысхат табыстап, арнайы әкелген сыйлықты тарту етті.

fa673f20-5b56-4539-99ee-cebde29f1111 (1)

– Құрметті ұстаздар қауымы және ойы озық оқушылар! Сіздерді «Самал» газетінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Қалың оқырманға жаңа есімдерді таныстырып, бала тәрбиесімен айналысатын облысымыздағы іргелі басылымның бірі болғандықтан, көпшілік үшін бұл газеттің орны ерекше. Жас ұрпаққа мол мүмкіндік сыйлайтын редакция ұжымының жұмысына табыс тілеймін, – деді Дархан Қаныбекұлы.

Қоғамдағы өзгерістерге қарамастан бала көңілі қашанда таза дүниені жазуға бейім. Осыған себепкер боп жүрген басылымның тілшілері мектептердегі «Жас тілшілер үйірмесімен» де тығыз байланыста. Аталған газеттің редакторы Жұмажан Сүндетов жиналған қауымға ақжарма тілегін білдіріп, белсенділік танытып жүрген талапты оқушыларды «Қауырсын қалам» сыйлығымен марапаттады.

dc9effb6-4694-4ef7-bd04-59d93e18db89

327ab0c7-bb15-4774-9f43-e8e4afffda3b

036329a2-a6b0-47d7-b046-5452149cc710

1759ee98-d0c3-47f1-aa11-5062cec0319e (1)

– Қазіргі таңда біздің 2000-ға жуық тұрақты оқырманымыз бар. Олардың әдебиетке қызығушылығы, тарихты тануға деген талпынысы қуантады. Балалардың түрлі бағыттағы шығармаларынан туған жерге деген ыстық сезімі байқалады, –дейді Жұмажан Қадимұлы.

Сүндетов Жұмажан (1)

Кеш барысында халықаралық конкурстардың лауреаты «BatysStar» тобы ән шырқап, республикалық байқаулардың жеңімпазы Берік Шаймардан «Көрұғлы»күйін күмбірлетті.

97367df9-db62-43ae-ab29-1295455daeb6

Мерейтойға жас оқырман Серік Бақытжанның ата-әжесі мен әке-шешесі қатысып, бүлдіршіннің бүгінгі жетістігіне куә болды.

– Біз Бөкей ордасы Сайқын ауылынан арнайы келіп отырмыз. Себебі «Самал» газетінің әр шыққан санын асыға күтіп, отбасымызбен сүйіп оқимыз. Баламның балаң жырлары осы басылым бетінде жарық көріп жүргеніне 2-3 жыл боп қалды. Оның талпынысына қарап қуанамыз, – деді анасы Дариға Мұхитова.

Аманжол Исламғали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале