Осыдан бірнеше күн бұрын қардың күрт еруі салдарынан Шыңғырлау ауданының Ақбұлақ ауылы аумағындағы бөгетті су жырып кетті.
Оған ауыл маңындағы Жіңішке өзенінің арнасынан тасуы себеп болды. Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Светлана Бәйтенованың айтуынша, көптің күшімен, тұрғындардың тізе қосуымен суды ұстап қалу мақсатында бөгет қалпына келтірілді. Жергілікті алты шаруа қожалығы суды бөгеуге техникаларын жұмылдырып, бөгетті бүтіндеу барысында Ақбұлақтың үлкен-кішісі бір атаның баласындай ұйымшылдық танытты.