10.04.2022, 15:09
Оқылды: 54

Кемшілікке кеңшілік жоқ  

ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 4-бабында прокуратураның міндеттеріне адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру кіретіні белгіленген. Осы мақсатта биылғы жылдың бірінші тоқсанында Бөрлі ауданының прокуратурасы 4815 азаматтың, оның ішінде 75 кәсіпкердің құқықтарын қорғады.

9193E3B6-0EF2-43A5-8CEE-D77D52C24710

Нақтырақ айтсақ, еңбек заңнамасының сақталуын талдау барысында жұмыс берушілермен жасалған ұжымдық шарттар Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды. Яғни прокурорлық қадағалау нәтижесінде білім беру, денсаулық сақтау және коммуналдық шаруашылық саласындағы 4740 қызметкердің конституциялық құқықтары қорғалды. Кінәлі деп танылған лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мақсатында 2019 жылғы желтоқсаннан бастап түрлі тексерулер жүргізуге мораторий енгізілгені көпке мәлім.

Осы бағытта жедел әрекет ету үшін арнайы мобильді топ құрылды. Осы ретте  ТКШ қызметін тексеру кезінде тасымалдаушылар құқықтары бұзылғаны анықталып, әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялауға тарифтерді арттыру бойынша нақты шара қабылданды. Бөрлі аудандық білім беру бөлімі де 2020 жылы кәсіпкерлермен орта мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша 5 жыл мерзімге мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасаған. Онда инфляция жағдайында өскен шығындарды жабу үшін үстемақы қарастырылыпты. Алайда биыл инфляция 4% мөлшерінде тіркелгеніне қарамастан, аталған саладағы кәсіпкерлік субъектілеріне қаңтар және ақпан айларына үстемақы төленбеген. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 2 кәсіпкерге 22 млн. теңге өтемақы қамтамасыз етілді.

Сөз түйінінде аудан прокуратурасы кәсіпкерлермен мемлекеттік сатып алу саласындағы құқықтарды сақтау, тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселелері бойынша арнайы кездесу ұйымдастырғанын айта кетелік.

                                             Нұрлан Мақатов,

Бөрлі ауданының прокуроры

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале