10.04.2022, 14:28
Оқылды: 49

Банк секторының кәсіпкерлеріне АҚШ санкциялары шеңберінде іс жүргізу ерекшеліктері түсіндірілді

Америкалық дипломаттар Қазақстанның банк секторының кәсіпкерлері мен өкілдеріне АҚШ енгізген санкциялар шеңберінде бизнес жүргізу ерекшеліктері туралы түсіндірді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

511B2986-C539-4031-8A33-E361D290C592

«ҚР СІМ және АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Қазақстанның банк секторының кәсіпкерлері мен өкілдеріне, сондай-ақ Қазақстанда филиалдары бар шетелдік компанияларға санкция мәселесі жөнінде кезекті қазақстандық-америкалық онлайн-консультация ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты қазақстандық бизнес пен екінші деңгейлі банктерге АҚШ санкцияларының күтпеген ықпалын азайту, сондай-ақ сыртқы саудаға кері әсерін азайту» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Америкалық дипломаттар АҚШ енгізген санкциялар, шектеулер режимі шеңберінде бизнес жүргізу және транзакциялар жасаудың ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі түсіндірген.

Тараптар қазақстандық экономикаға санкциялардың ықпалын азайту мақсатында ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға келісті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале