Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасын Тілеген Арыстанбеков және Сайқын ауылдық округінің әкімі Нұргүл Омарова зейнеткер Темірхан Мырзағалиевтің шаңырағына арнайы бас сұғып, мерейтойымен құттықтады.
Темірхан ағамыз қарапайым еңбек адамы. Трактордың не бір түрін тізгіндеп, темір тұлпарының тілін тап басып тани білген шын шебер.
- Темақаң қарапайым еңбектің, қара жұмыстың қаһарманы болды десек болады. Қай жерде қайнаған жұмыс болса, ағамыз сол жерден табылған. Саптағы сарбаздай еді. Қай жерге, қандай міндетпен жұмсаса да, еш санаспай, тапсырылған жұмысты тыңғылықты орындап келетін. Бір-екі жігітке болыспайтын К-700- тың алып доңғалағын оп-оңай ауыстырып салып ала беретін,- деп өткен күннен естелік айтты.
Мерейтой иесі де айтулы күнде арнайы кеп, құттықтаған ауылдастарына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz