11.04.2022, 14:30
Оқылды: 48

Шетелдіктер Қазақстанға кіру үшін 10 мың доллардан жалған паспорт сатып алған

Алматы әуежайында жалған құжатпен елге кірмек болған шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

54

Фотосурет: stan.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің мәліметінше, Алматы қаласының әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде жалған құжат ұсынған Орталық Азия елдерінің 4 азаматы ұсталған.

Жүгін тексеру кезінде олардың нақты паспорттары табылды.

Алдын ала деректер бойынша, олар жалған құжаттарды Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өту үшін сатып алған.

Бір жалған төлқұжаттың құны - 10 мың АҚШ долларын құраған.

Жалған құжаттар тәркіленді.

Оларды елден депортациялау мәселесі шешіліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале