11.04.2022, 11:00
Оқылды: 41

Көмек керуені келіп жетті

Су тасқынынан зардап шеккен жақсыбайлықтарға гуманитарлық көмек жалғасуда. Бүгін Атырау облысынан бірнеше газель аудан орталығына келіп жетті. Оларды Жәнібек ауданы әкімінің орынбасарлары Асхат Молдағалиев, Жақсылық Абдолов, Жақсыбай ауылдық округінің әкімі Алмат Қаратаев қарсы алды.

11

«Қазақ елі қашанда бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, қиын сәтте бірлікпен бір-біріне демеу бола білген халық. Бүгін бізде Атырау жұртының аманатын арқалап келіп отырмыз. Бұл көмек керуеніне киелі өңіріміздің кәсіпкерлері мен демеушілері және еріктілер өз үлестерін қосты. Осы көмек арқылы Атырау халқы қашанда Ақжайық өңірімен бірге екенімізді айтқымыз  келеді», -дейді көмек керуенін бастап келген атыраулық Руфат есімді азамат.

13

Атыраудан жеткен алты көлікте азық-түлік пен гигиеналық заттар, төсек орын мен киім-кешектер Жақсыбай ауылына жол тартты. Айта кетейік, жақсыбайлықтар осындай сын сағатты бастан кешіріп жатқан шақта әр тараптан көмектер тоқтаусыз келіп жатыр.

12

Кәрім Санжар,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале