12.04.2022, 11:45
Оқылды: 75

Қазақстанда АЕК және ең төменгі күнкөріс деңгейі артуы мүмкін

Қаржы министрлігі "2022-2024 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

02

Осылайша, заң жобасына сәйкес, Қазақстанда 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап:

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 20 191 теңге (қазіргі уақытта 19 450 теңге);

ең төменгі зейнетақы - 48 032 теңге (қазіргі уақытта 46 302 теңге);

жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұл, салық және басқа да төлемдер үшін айлық есептік көрсеткіш - 3180 теңге (қазіргі уақытта 3 063 теңге);

базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі - 37 389 теңге (қазіргі уақытта 36 018 теңге).

Құжатты "Ашық НҚА" порталынан табуға болады. Заң жобасын ресми талқылау 21 сәуірге дейін жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале