11.04.2022, 16:45
Оқылды: 85

Мерей – форум жүлдегері

Жуырда «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы қашықтан өткізілген еді. Бұл шараға өз білімдерінің тереңдігін дәлелдей алған, оқу бағдарламасына ізденіспен қарайтын үздіктер қатысқан болатын. Аталмыш форумда облыстық кезеңнің жүлдегерлері 4 аталым бойынша білімдерін сынға салды. Солардың ішінде Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Мерей Ойратова да бар еді.  

45

Қазақ тіліндегі «Осындай мамандық бар» презентациялар аталымы бойынша Мерей қатысушыларды білімімен басып озып, жүлделі І орынды иеленді. Бұл озық оқушыны осы шараға дайындаған ұстазы А.Сұлтанғалиеваның да еңбегі ақталған күн болды.

Н. Айқын,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале