Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету өз жалғасын табуда. Осы орайда аудан аумағында жолдарды жөндеп жатқан «Теміржол жөндеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арнайы өздерінің көмектерін ұсынды.
Дәлірек айтсақ, 6 жүк автокөлігімен 100 тонна қиыршық құмды тас және 20 тонна цемент жеткізіп берді. Аталмыш серіктестің директоры Рүстем Кенбаев басы-қасында жүріп, барлық көмекті ұйымдастырды.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz