Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев Жақсыбай ауылдық округінде болып, ауылға келген, келе жатқан гуманитарлық көмек пен құрылыс материалдарын бөлуді ұйымдастыру бойынша ауыл тұрғындары, белсенді және жергілікті қауымдастық өкілдерімен кездесіп, кеңесті.
Сонымен қатар ауылдың өз күшімен атқарылатын жұмыстар хақында ақылдасып, пікір алмасты. Пікір алмасу барысында жақсыбайлықтар елдің көрсетіп жатқан қолдауына ризашылықтарын білдіріп, елге түскен қиындықты еңсеруге жұмыстанатындықтарын жеткізді.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz