13.04.2022, 12:15
Оқылды: 65

Жол - көлік оқиғасы медиациямен шешілді

Жол - көлік оқиғасы салдарынан туындаған материалдық және моральдық шығын талап-арызы медиациямен шешілді.

4

Орал қаласының №2 соты талапкер Б.Н жауапкерлер «Д П »ЖШС мен Д.А-ға ЖКО салдарынан туындаған материалдық және моральдық шығын өндіру туралы  азаматтық ісі қаралды.Талап-арыз бойынша «Д П » ЖШС жүргізуші  жауапкер Д.А жолсапар парағы негізінде Орал-Желаев автожолында көлік құралын басқару кезінде жол жүру ережелерін өрескел бұзып, сонын салдарынан талапкерге 26.10.2021 жылғы сот-медициналық сараптама қорытындысына  сәйкес ұзақ мерзімді үш аптадан астам уақыт белгілілері бар, денсаулыққа орташа  зиян келтірілген көптеген сыну мен жарақаттар алып, уақытша еңбекке жарамсыз болған.

24.12.2021 жылғы Орал қаласы полиция басқармасы инспекторының қаулысымен жауапкер Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін айыпты болып табылды. Талапкер соттан жауапкерден 418 923 мың теңге материалдық шығын және 1 500 000 теңге сома моральдық шығынды өндіруді  сұрады.

Сот отырысы барысында екі тарап сот медиация келісіміне қол қойды. Келісімге сәйкес талапкер өз талабынан мынадай шарттарға сәйкес бас тартады: жауапкер «Д П »ЖШС келісімге қол қою шағында 215 554 тенге сома көлемінде медициналық емделуіне, өкіл қызметіне 200 000 теңге, моральдық шығын 400 000 теңге көлемінде төлеуге міндеттенеді.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Райгүл Иманғалиева,

Орал қаласының №2 сотының бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале