13.04.2022, 17:45
Оқылды: 64

Фракция отырысы өтті

«AMANAT» партиясының ғимаратында «AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалы депутаттық фракция отырысы өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Дархан Закарин, аудан әкімінің орынбасарлары, фракция депутаттары, бастауыш партия ұйымы төрағалары, ауылдық округ әкімдері офлайн-онлайн форматта қатысты. Аудандық фракция жетекшісі Э.Текебаевтің төрағалық етуімен күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

14

- Өздеріңізге мәлім, ағымдағы жылдың 1 наурызы күні өткен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде партияның атауы өзгеріп, «AMANAT» болып бекітілді. Аталмыш съезде партия жұмысын жетілдіру үшін 7 негізгі басымдық қабылданған болатын. 7 басымдықты атап өтер болсам, 1) Халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру, 2) Партияластар арасында ынтымақтасты арттыру; 3) Партияның жұмысында ашықтықты арттыру; 4) Партиялық бақылауды күшейту; 5) Партияның бағдарламалық құжаттарын қайта қарау; 6) Халықтың әртүрлі топтарымен жұмыс істеу; 7) «Jas Otan» жастар қанатының жұмысын жетілдіру. Бүгінгі фракция отырысында осы басымдықтардың 1, 2, 4 басымдықтары бойынша өткізгелі отырмыз, - деді аудандық фракция жетекшісі Э.Текебаев.

Бірінші мәселе – «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламаның Жол картасының 2022 жылдың І тоқсаны бойынша және 2021 жылғы орындалмаған көрсеткіштердің орындалу барысы туралы филиал төрағасы, аудан әкімі Дархан Закарин хабарлама жасады.

13

-Жаңақала ауданы бойынша 2021 жылы орындалуға жататын 80 көрсеткіштің жыл қортындысы бойынша 69 (86,0%) іс-шарасы орындалды. 11 (14,0%) іс-шарасы орындалу үстінде. 2022 жылы орындауға жататын 81 көрсеткіш бар. Жол картасы аясында жүзеге асыру жоспарланған құрылыс, күрделі жөндеу жұмыстарына тоқталатын болсақ, 2021 жылы басталған Жаңақала ауылындағы батыс жақ бөлігіндегі ауылішілік жол құрылысын аяқтау жоспарланған. Қаржы бөліну күтілуде. Аяқталуы 2025 жылға жоспарланған Жаңақала-Жаңақазан аралығындағы жолдың құрылысы жалғасуда. 2022-2023 жылдары Пятимар, Көпжасар ауылдарына кірме жол салынатын болады. 2022 жылы 4 елді мекенді газбен жабдықтау атап айтқанда Салтанат, Саралжын, Борық, Плантация. Күні бүгінге қаражат бөліну жоспарлануда. 2022 жылы Жаңақала ауылында шағын спорт алаңы құрылысы жүзеге асатын болады, - деді филиал төрағасы, аудан әкімі Д.Әмірханұлы. Одан әрі «AMANAT» партиясының аудандық филиалының жаңадан құрылған қоғамдық кеңестерінің құрамы мен жылдық жоспарымен таныстыру, депутаттардың рейтингісі туралы атқарушы хатшы Талғат Жанболатов хабарлама айтты. Атап айтсақ, қайта жасақталған  «Аумақтық даму»,  «Әлеуметтік мәселелер», «Жастарды қолдау» бағытындағы қоғамдық кеңес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Партиялық бақылау» жөніндегі комиссия құрамымен таныстырды. Сонымен қатар күн тәртібіндегі үшінші мәселе депутаттардың рейтингтік платформасы туралы сөз қозғады.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале