13.04.2022, 18:25
Оқылды: 36

Тұрғындар бастамасымен өткен сенбілік

Көктем шыға ауылдық мекендердің барлығында дерлік, тазалық - санитарлық жұмыстары жүргізілуде. Қар астында жатқан күл-қоқыс, құрылыс қалдықтары, мал қиы, құлаған ағаштар ауылдың көркін бұзып, көңілге қаяу түсіреді емес пе? Сол себепті сәуір айы жоспарлы түрде тазалық шараларына арналды. Нақтырақ айтсақ, сенбіліктер ауыл-аймақта және ауданның орталығында жүзеге асуда.

IMG-20220413-WA0132

Кезекті сенбілік кезінде шыңғырлаулық мекеме-ұжым қызметкерлері орталық көшелер, әлеуметтік нысандар және саябақтар мен балалар алаңдарын қоқыстан тазартып ажарын кіргізсе, ендігі кезекте ауыл маңын жиыстырып, тіпті көл бойы мен өзеннің жағалауын да тазартып шықты. Шыңғырлау ауылы аумағындағы сенбілікте ауыл тұрғындары үлкен белсенділікпен еңбек етті. Әсіресе Қонақай көлі маңын тазалау жұмысы тұрғындардың бастамасымен жүзеге асуда. Оған жергілікті кәсіпкерлер де қолдау білдірді. Атап айтқанда, Серік Наурызғалиев, Қанат Усманғалиев, Болат Жұмабаев, Қайрат Базарғалиев секілді жеке кәсіпкерлер өздерінің техникаларын, оған қоса сенбілікке шыққандар үшін ас-суларын да ала келіп, жұртшылықтың ризашылығына бөленді.

IMG-20220413-WA0131

Сонымен қатар мекеме-ұжым қызметкерлері темір жол мен ауылға кіре беріс жолдан басталатын аумаққа жапсарлас орналасқан орман жолақтарының ішін тазартып өтті. Ауданымызда тазалық жұмыстары әлі де жалғасын таппақ. Сондай-ақ әр адам өз ауласын, үйі маңын таза ұстаса, тұрған жерлеріне қоқыс тастамаса бұның өзі де игілікті іске қосқан үлес болар еді.

А.Мұса

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале