15.04.2022, 13:49
Оқылды: 54

Кезекті қоғамдық кеңес отырысы өтті

Жәнібек аудандық мәслихатында ZOOM платформасы арқылы онлайн кезекті қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Screenshot_20220414_113658_us.zoom.videomeetings

 

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 24 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №12-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сәриев айтып өтті.

Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешов аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 21 тамыздағы №46-3 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» баян етті. Аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 27 наурыздағы №20-7 «Аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту хақында хабарлама жасады.

Мәдина Сағын,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале