15.04.2022, 16:31
Оқылды: 69

Көңілден шыққан «Егіз лебіз»

Осыдан бірер ай бұрын Шыңғырлау ауданында «Егіз лебіз» өнер бәйгесі басталған болатын. Аудан әншілері мен өзге саланың қызметкерлері бірлескен жобаға бастапқыда он жұп қатысып, алты кезең бойынша өнер көрсеткен еді. Осы алты кезең бойы жобаның шартына сай түрлі жанрда ән шырқап қана қоймай, өздерінің актерлік қабілеттерін де көрсете білген жұптар әр кезеңде реквизиттер дайындап, бейнебаян түсіріп, тамаша өнер көрсетті. Дегенмен кезең сайын жобада бір жұппен қоштасуына орай финалға тек бес жұп өтті. Махаббат және еркін тақырыпта ән шырқаған жұптар соңғы кезеңде бар өнерлерін ортаға салды.

IMG_0597

Нәтижесінде әділқазының шешіміне орай жобаның «Мәтөгі мен Сәтөгі», яғни Асылбек Меңдіғали мен Нұрқанат Қабибуллиев «Көрермен көзайымы» аталымымен марапатталды. Ал жүлделі ІІІ орынды, әсіресе патриоттық әндері басым түскен Асқар Елеусін мен Мирас Мүкаримов иеленсе, ғашықтар образындағы Әселхан Мұхамбетші мен Нұрлыбек Қайыржановтың жұбы ІІ орынға қол жеткізді. Келесі өнерлі жұп - бейнебаян түсірудің шеберлері Айдос Исекенов, Нұрғиса Молдағалиев І орынға, ал жобаның «шопырлары» Аңсаған Хибашов пен Дулат Нұртазин бас жүлдеге ие болды.

IMG_0811

 

 

Айта кететіні, бұл жоба көрермендер арасында кеңінен қолдау тауып, әр байқау сайын зал лық толы болды. Көрермендер арасынан жобаға демеушілік танытып, қаржылай қомақты қаражат беруі де жобаның көңілден шыға білгенін көрсетеді. Бұл ұйымдастырушылық деңгейдің жоғарылығының, қатысушы сайыскерлердің үлкен жауапкершілікпен әр кезеңге үлкен дайындықпен келуінің нәтижесі.

Осындай өміршең жобалар әлі де жалғасын таба берсін деген тілектеміз!

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале