15.04.2022, 17:21
Оқылды: 49

Азаматтық қызметшілерге жоғарылатылған айлықақы белгіленді

Бүгін Казталов аудандық мәслихатының жетінші шақырылымындағы кезектен тыс XVI сессиясы өтті. Аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашевтың төрағалығымен өткен сессияға аудан әкімі Рүстем Зұлқашев, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

IMG_20220415_150853_418

Сесcияның күн тәртібінде бірқатар мәселе көтерілді. Соның ішінде аудан әкімінің ұсынысы негізінде азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленуі ауылда қызмет атқарып жүрген азаматтар үшін оң шешім.

Бұдан бөлек сесияның қарауында Казталов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №12-1 «2022-2024 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Казталов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №20-7 «Казталов аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Казталов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 маусымдағы  №49-2 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешімінің күшін жою, аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы №30-1 «Сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды. Сондай-ақ Казталов аудандық мәслихатының депутаты Е.Қуановтың депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қаралып, денсаулық жағдайына байланысты депутаттың өтініші ескеріліп, өкілеттігі тоқтатылды.

10

 

Сессияда қаралған тағы бір мәселе аудан әкімі жанындағы жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші орган құрамын бекітілді. Бұл жөнінде Казталов ауданы әкімі аппаратының инспекторы Айдана Мұханбетова мәлімдеме жасады.

-Аудан әкімдігінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі  №54 қаулысымен «Аудан әкімдігі жанындағы жазаларды және өзге де қылмыстық–құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші орган құру жөнінде» жаңадан консультациялық-кеңесші орган құрылды. Консультациялық-кеңесші органның негізгі міндеті қылмыстық-атқару мекемелерінен босатылған, сондай-ақ қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларын өтеп жүрген адамдарға еңбекке және тұрмыстық орналасуға, әлеуметтік және өзгеде көмектің түрлерін ұйымдастыруға көмек көрсету бойынша ұсыныстарды қарау және ұйымдастыру жатады. Комиссияда қаралатын мәселелердің өзектілігіне байланысты және үлгі ережеге сәйкес комиссия құрамына бірқатар өзгерістер енгізу қажеттілігі туындап отыр, - деді ол өз сөзінде.

Кезектен тыс сессия барысында депутат Гүлдана Хамитқызы 2022-2024 жылдарға арналған аудан бюджетіне ҚР Құрметті журналисті Серік Жұмағалиевтің кітабына қаражат бөлу мәселесін ұсынды. Ұсыныстар мен сауалдар ескеріліп, тиісті шешім қабылданды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале