15.04.2022, 17:44
Оқылды: 34

Шыңғырлауда фракция отырысы өтті

Бейсенбі күні «Amanat» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалында депутаттық фракцияның отырысы өтті. Отырыста «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы Жол картасының 2021 жылы атқарылған жұмыстары, «Amanat» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы жанындағы қоғамдық кеңестері және депутаттардың рейтингісі туралы мәселелер қаралды.

Аманат Шыңғырлау

Жиынның күн тәртібіндегі бірінші сұраққа байланысты филиал төрағасы, аудан әкімі Әлия Биғазықызы баяндама жасады. Аудан басшысы өз сөзінде «Amanat» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының 2021-2025 жылдарға арналған 89 тармақтан тұратын «Жол картасы» аясында атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. Басшының айтуынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша жалпы жоспардың 62 тармағы, яғни 70 пайызы орындалса, 21 тармақтың әлі  орындау мерзімі келмегендер, ал 5 тармақ орындалу үстінде, дегенмен 1 жоба жүзеге аспау қаупі бар.

«Жалпы Шыңғырлау ауданы бойынша  сайлауалды бағдарламада 2021 жылы іске асыру көзделген ірі жобаларымыз бүгінгі таңда пайдаланылуға берілді. Мәселен, аудан орталығында 170 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, Ащысай ауылында ұзындығы 1,46 шақырымды құрайтын кіреберіс жолы және 1,06 шақырым құрайтын Райымқұлов көшесінің күрделі жөндеу жұмыстары, Ардақ ауылында медициналық пункті, Алмаз және Қарағаш ауылдарындағы шағын спорт алаңдарының құрылысы,  Ақшат ауылындағы жаңа супермаркет құрылысы, Шыңғырлау ауылындағы қонақ үй құрылысы және тағы басқа жобаларымыз іске асты», - деді Ә.Мұханбетжанова.

Күн тәртібіндегі келесі мәселелер бойынша «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Тағаниязов 8 қоғамдық кеңестің 5-ке қысқарғанын, оның құрамына аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, кәсіпкерлер, партия ардагерлерімен белсенділері бар енгізілгенін, сонымен қатар алдағы уақытта қоғамдық кеңестерді әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде өткізу жоспарланғанын айтып өтті.

 

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале