16.04.2022, 9:00
Оқылды: 134

Сырымда «Менің аулам – менің бағым» жобасы жалғасын табады

«Менің аулам – менің бағым» атауымен Сырым ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтің төрағалығымен жиын өтті.

B5A9307C-7BBF-43F1-A653-945258BFD9A1

Жиынға облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Алдияр Халелов, жеке кәсіпкер Бейбіт Иманғалиев арнайы келіп, «Менің аулам – менің бағым» жобасының жүзеге асырылуы бойынша таныстыру және талқылау барысы сөз болды. Бағбандардың теректер мен тыңайтқыштар алуына бағыт беріп, әр аудандағы жердің құнарлылығына сай қандай теректерге басымдық беруге болатынына кеңес берген Алдияр Сансызбайұлы:

- Облыс әкімінің тапсырмасымен қолға алынған «Менің аулам – менің бағым» жобасының былтырғы нәтижелі көрсеткішіне орай биылғы жылы да жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Сырым ауданы тарапынан аталмыш жобаға қолдау бары бізді қуантады, деді.

0B6182C3-B379-48FB-A631-E0FB3E1DF128

Одан бөлек, Бейбіт Иманғалиев аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлымен Сырым ауданына егуге қолайлы алма ағашының 4 түрлі сортын, өзге де жеміс ағаштары мен теректердің түптерін қолжетімді бағамен сырымдықтарға жеткізіп беруге уағдаласты.

5C6702BC-5E2C-42F5-87B5-37E338E3EF47

- Ауданымыздың тұрғындары жекелеп, қаладан, өзге аудандардан қалтаны қағар бағада жеміс ағаштарын, өзге де түптерді алатыны белгілі. Қазіргідей қымбатшылық қос бүйірден қысып тұрған мезетте ауданымызда өз бау-бақшамызды егіп, содан жеміс алсақ нұр үстіне нұр болар еді, – деді қорытынды сөзінде аудан әкімі.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале