16.04.2022, 14:30
Оқылды: 37

Мемлекет басшысы «Зерде» Ұлттық холдингін реформалауды тапсырды

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда.

53EF7C8A-6D31-413A-8736-007E04DB3F59

Президентке биылғы бірінші тоқсандағы жоғары аудит органы қызметінің негізгі қорытындылары, сондай-ақ "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Жолдауда берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде баяндалды.

Осы есептік кезеңде 345 миллиард теңгеден астам бюджет қаржысын қамтитын 14 нысанда 3 аудиторлық іс-шара жүргізілген. Нәтижесінде 30 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға қатысты заң бұзушылық анықталған. Сонымен қатар "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына да аралық аудит жүргізілген.

Мемлекет басшысы бүгінде жеткілікті дәрежеде тиімді болмай отырған "Зерде" Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингін реформалау жөнінде тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру жөніндегі тапсырмасының іске асырылуына қатысты Наталья Годунованың ұсынысын тыңдады.

Айта кетейік, "Зерде" холдингінің басқарма төрағасы - Арман Әбдірасылов. Холдингтің міндеттері - ақпараттық-коммуникациялық ресурстар мен стандарттарды дамыту.

Холдинг компанияларының тобына мыналар кіреді:

  • "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ;
  • Astana hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі;
  • Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы.

Дереккөз: tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале