16.04.2022, 16:00
Оқылды: 150

Бөкей ордасы ауданының қайта құрылғанына 50 жыл толуына орай ғылыми конференция ұйымдастырылды

Бөкей ордасы ауданының қайта құрылғанына 50 жыл толуына орай ғылыми конференция өтуде. Маңызды шараға М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің тарих кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Бақтылы Боранбаева, М.Мәметова мемориалдық музейінің меңгерушісі Ахмедияр Батырханов, өлкетанушы, "Ғылыми зерттеулерді қолдау" қорының директоры Айболат Құрымбаев, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ "Рухани жаңғыру орталығының" аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Есқайрат Хайдаров арнайы келді.

E961F095-4756-4B3E-8DAD-F30ECCB8E54C

Шара Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталып, мәдениет үйінің фойесінде ұйымдастырылған кітап көрмесін тамашалаумен жалғасты.

Ғылыми конференция шымылдығы аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың сөзімен ашылды.

F3694E61-A84A-4C54-8377-C447954DA105

– Орда тарихын тереңнен алған қасиетті мекен. Астындағы тағы үшін емес, халқының бағы үшін қызмет еткен хан Жәңгірдің реформасы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Орда тарихы, Нарын полигоны мен мәжбүрлі түрде атамекендерінен қоныс аударған ордалық азаматтардың налалы тағдыры - том-том кітапқа тақырып боларлық дүние. Өткенсіз болашақ бұлыңғыр. Еліміз еңселі болу үшін ата тарихымызды дәріптеуіміз керек. Бүгінгі шара сол талпынысымыз болмақ, - деді өз сөзінде.

Ғылыми конференция музей-қорықтың маманы Мира Құтышеваның баяндамасымен басталды. Мира Ерболатқызы Орда ауданының 1972 жылдан бергі бар тірлігін, әр саланың айтулы тұлғалары туралы тұшымды баяндама жасады.

7C72AB63-BD71-41EA-8096-4C3C36D0B227

М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің тарих кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Бақтылы Боранбаева 1952 жылғы мәжбүрлі түрде көшкен ауылдастар тағдыры, қасіретті депортация тақырыбын сөз етсе, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ "Рухани жаңғыру орталығының" аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Есқайрат Хайдаров "Орда ауданы байларының 1928-32 жылдарындағы ұйымдастыру саясатына наразылықтары" тақырыбын баяндамаларына арқау етті.

F61187F0-2AAA-4C9A-8260-55439A98D800

Өлкетанушы, "Ғылыми зерттеулерді қолдау" қорының директоры Айболат Құрымбаев "Депортация: Бөкей ордасы тарихындағы ақтаңдақтары", М.Мәметова мемориалдық музейінің меңгерушісі Ахмедияр Батырханов "Ұлы Отан соғысы тағдыр тәлкегіне түскен ордалық оғландар" тақырыбында баяндама жасады.

1ACB2003-D0CD-4715-80E1-0BB9C7BBFE77
Конференцияда осы кезге дейін беймәлім боп келген тарихи ақтаңдақтар айтылды. Жарыссөзде сөз алғандар ата-тектеріне қатысты жеке сұрақтарын қойса, Надежда Такирова ауданның қайта құрылғанына 50 жылдық тарихында аттары аталатын азаматтарды ескеруді сұраса, Тілеген Арыстанбеков аудан тарихын одан әрі де тереңнен қаузап, ауданға "Қаһарман аудан" атағын бергізуге жұмыстану керек деді. Еңбек ардагері Жаңбырбай Камалов осындай шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

B81A6225-C59F-4A03-A3A9-A9E90FD3653E

A64CF087-EDC7-4C30-A5C9-56DC455E1EFA

DB4BE819-EF4A-4CCD-925C-8EAF1D55C5B7
FC511337-0EB6-410A-8C84-04E004B03DBB

EC6482E5-FCC1-4E7E-8B80-6D7676421C6F
Ұлпан Әнуарқызы

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале