17.04.2022, 11:00
Оқылды: 28

Кітабынан түскен қаржыны науқас балаларға жұмсаған жазушы қызды министр марапаттады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев жас экобелсенді Диана Мырзағалиевамен кездесіп, оны Құрмет грамотасымен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

IMG-20220417-WA0022

16 сәуір - экологиялық білім күні. Бұл күннің негізгі мақсаты – экологиялық білімді ілгерілету және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоғамды экологиялық қауіпсіздік саласындағы істердің жай-күйі туралы хабардар ету.

Министр Диананың өмірі туралы БАҚ беттерінен оқып, үлкен әсерге бөленді.

Диана Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Бала кезінен дәрігерлер оған дизартрия (церебральды сал ауруының жеңіл түрі) диагнозын қойды.

Ол толыққанды сөйлей алмады. Оның бұл жағдайға душар болуы Семей ядролық полигонындағы сынақтың салдары болуы да мүмкін.

Диана денсаулығы сыр берген төрт баланың өмірі жайлы «Ақсу-Жабағылының сиқырлы әлемі» атты ертегі кітабын жазды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале