18.04.2022, 10:15
Оқылды: 14

Кезектен тыс сессия

Жәнібек аудандық мәслихатының хатшысы Тахир Қадимовтың төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XVI сессиясы оздырылып, оған аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаттары мен дербес бөлімдердің басшылары қатысты.

IMG_9766 (1)

Сессияда «Жәнібек ауданындағы шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайы, оларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау туралы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы және «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан аумағында атқарылған жұмыстар туралы» аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Миранбек Ибатов, Жәнібек аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №12-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев хабарлама жасады.

Сондай-ақ күн тәртібіндегі «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы», «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын басшылық лауазымдарды атқаратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қоспағанда, 2022 жылы Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау ұсыну туралы» мәселелер аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында талқыланғандықтан, депутаттар шешім жобасын бірауыздан бекітті.

Сессияда аудан әкімі А.Сафималиев сөз сөйледі.

А.Қожағұл,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале