21.04.2022, 21:42
Оқылды: 73

Халықтың мәселесін тыңдадық

Бүгін Казталов ауданындағы елді мекендерде округ əкімдерінің есеп беру жиындары жалғасты. Аудандық мəслихат депутаты ретінде өзіме белгіленген Бірік, Тереңкөл ауылдық округіне қарасты кіші елді мекендерді аралап, ауыл тұрғындарымен кездесіп қайттым. Кездесулерде аудандық мəслихат депутаттарының атқарған жұмыстары туралы қысқаша айтып өттім.

IMG-20220421-WA0042

Бірік ауылдық округінің Саралжын, Қызылту ауылдарында аудан əкімінің орынбасары Қадер Нұрғалиевтің қатысуымен округ əкімі Жігер Жакиевтің есебі тыңдалды.

WhatsApp Image 2022-04-21 at 22.37.15
Аталмыш ауылдарға биыл көгілдір отын желісін тарту жұмыстары жүріп жатыр. Шалғайдағы Саралжын ауылының тұрғындары ауылға көше жарықтарын қою, мал моласы, фельдшерді жұмысқа тарту туралы мəселе көтерді. Негізгі тіршіліктерін төрт түлік малмен байланыстырып отырған саралжындық ағайынның қолдағы малы үшін ауыл сыртындағы бөгет аршылған болатын. Бүгінде бөгет суға толған.
Бірік ауылдық округінің Қызылту ауылына биыл көгілдір отын кіргізу жұмыстары басталмақ. Ауылда бөгет қазу жұмыстарына аудандық бюджеттен қаражат бөлінді. Алла қаласа, бөгет қазу, жол көтеру, көше жарығына қажетті шамдар қою жұмыстары іске асатын болады.

IMG-20220421-WA0039
Тереңкөл ауылдық округінің Мереке, Беспішен елді мекендерінде өткен есеп беру жиынына аудан əкімінің орынбасары Зəйлім Мажитова арнайы қатысты. Округ əкімі Сабыржан Ищанов округте атқарған жұмыстар туралы баяндап, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Мерекелік ағайын газ тарту жұмыстары, бөгет аршу, ауыз су құдығын қазу, көшеге электр шамдарын орнату, жол көтеру, қыру жұмыстарын жүргізу, ауылдың қызыл сызыққа кіретін жері туралы мəселелер көтерді.

IMG-20220421-WA0048
Аудан орталығына жақын орналасқан Беспішен ауылында да түйінді мәселелер баршылық. Негізінен ауыл тұрғындары ауылға қарасты жайылымына қожалық малын жаймау, қызыл сызықты кеңейту, ауыз су тарту, көше жарығын жағу, жөнделіп жатқан жолға жол белгілерін орнату, жұмыссыздық, мал бағымын ұйымдастыру секілді ауылға ортақ мəселелерін ортаға салды.

WhatsApp Image 2022-04-21 at 22.39.14
Округ əкімі Сабыржан Мержанұлы жұмыссыздықты жою үшін "Юнисерв" ЖШС мекемесіне жол құрылысына жұмысқа орналасуға болатынын жеткізсе, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Назар Аманғалиев жайылымдар мен жерге қатысты түсінік берді. Жалпы ауыл тұрғындары қойған сұрақтарына тұшымды жауап алды.

Қайрат Жақып,

Қазталов ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале