22.04.2022, 20:42
Оқылды: 46

«AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезіне Батыс Қазақстан облысынан делегаттар сайланды

«AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс ХХІІІ съезді шақыру бойынша шешім қабылдады.

IMG-20220422-WA0140

Соған сәйкес, бүгін «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаевтің төрағалығымен «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы Саяси кеңесінің отырысы өтті. Онлайн-офлайн форматта өткен жиынға «AMANAT» партиясы Саяси кеңес жұмысына кеңес мүшелері, облыстық, аудандық филиалдардың атқарушы хатшылары қатысты. Күн тәртібінде бір ғана мәселе қаралды. Ол – 2022 жылдың 26 сәуірінде өтетін съезге Батыс Қазақстан облысынан делегаттар сайлау.

IMG-20220422-WA0139

– Мемлекет басшысы наурыз айындағы жолдауында елімізде жүргізілетін саяси трансформацияның он бастамасын ұсынды. Сол жолдаудан кейін «ADAL» партиясының Саяси кеңесінде «AMANAT» партиясына қосылу мәселесі көтеріліп, бірауыздан мақұлданды. Кезекті съезде осы мәселе қаралады деп жоспарлануда, – деді Мұрат Мұқаев.

Отырыс барысында «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаев қатысушыларға делегаттар тізімі таныстырды. Саяси кеңес мүшелерінің дауыс беруімен съезге Батыс өңірінен қатысуға 20 делегат сайланды. Делегаттар қатарына облыстық, қалалық, аудандық филиалдар басшылығы және Партияның республикалық Саяси Кеңесінің мүшелері кірді.

IMG_20220422_203717

Айта кету керек, кезектен тыс ХХІІІ съезд онлайн форматта өтетін болады.

 

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале