Орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық Дэнни Дигнумға қарсы титулдық жекпе-жекке дайындық қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлімханұлы мен Дигнум арасындағы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы белбеуіне жекпе-жек 21 мамырда Лас-Вегаста өтеді.
"Спаррингтің 32 раунды өтті. Тағы 68-і алда. Тынбай дайындаламыз", - деп жазды боксшы Twitter-де.