25.04.2022, 9:45
Оқылды: 74

Батысқазақстандық жастармен Халық қаһарманы полковник Қайрат Үмбетовпен кездесті

Оралда БҚО әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің акт залында Халық қаһарманы, ҚР Ұлттық Ұлан "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, полковник Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлымен кездесу өткізілді.

1

2016 жылы сәуірдің 7-сі күні әскери борышын өтеп жүрген сарбаз Абзал Райымжанұлы ұрыс алаңында гранатаны сәтсіз лақтырады. Окопқа қайта айналып түскен жарылғыш затты көрген Қайрат Үмбетов қатардағы жауынгердің жанына жүгіріп жетіп, оны өз денесімен қалқалап, жас сарбазды өлімнен аман алып қалды. Бейбіт өмірде қайсарлы рух пен батылдық танытқан полковник Елбасы қолынан «Халық қаһарманы» атағымен қоса "Алтын жұлдыз" және “Отан” ордендерін алды.

5

Жастармен кездесуде Қайрат Үмбетов оларға әскери өмірдің оқиғаларын айтып берді.

«Көп адам менен осындай үлкен атақты алғаннан кейін қандай сезімді бастан кешіргенімді сұрап жатыр. Біріншіден, бұл маған өмірге жолдама берген Ұлттық ұланның арқасы. Бұл біздің Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның, барша жеке құрамының марапаты. Біздің ерлігімізден жастар үлгі алса сол куаныш. Ең бастысы – елімізде тыныштық болғай. Бүгінгідей кездесулердің  жастар үшін маңызы зор ”, - деді Халық қаһарманы.

«Біздің ұландық офицерлер арасында өзінің өмірін қауіп-қатерге тігіп, ерліктің үлгісін көрсеткен әріптестеріміз аз емес. Олардың саны бүгінгі таңда 200-ден асады. Бұл азаматтардың барлығы да өздерінің ерлік іс-қимылдарымен өзгенің өміріне араша түскен бейбіт күннің батырлары. Сондықтан да оларды біз мейлінше қоғам арасында кеңінен насихаттап, жастарға үлгі етіп көрсете берге­німіз жөн», -дейді ол.

3

Сондай-ақ,  кездесу барысында  полковник К.Үмбетов қазіргі таңда әскерде   жастарды отансүйгіштік рухта бағытта  атқарып жатқан жұмыстар жайында да әңгіме өрбітті.

6

– Отанды қорғау – әрбір азаматтың міндеті, перзенттік парызы. Сондықтан оны әрбір адам білуі тиіс. Бабаларымыз «Отанды сүю – иманнан» деп бекер айтпаған. Қазіргі жастар иманды, білімді. Олар тәуелсіздіктің қадірін жақсы біледі. Бойларында отансүйгіштік рух та атойлап тұр. Оны Отан алдындағы міндетін өтеуге келген жас сарбаздардан көремін. Өзіміз осы бағытта түрлі іс-шараларды жиі өткіземіз. Отан қорғауда ерлік көрсеткен азаматтармен кездесулер болады. Спорттық шаралар екібастан. Жуырда біздің өңірліқ қолбасшылықтың  ұйытқы болуымен Ұлттық ұлан қатарында қызмет ететін әскери спортшылар арасында жекпе-жек ұрысынан біріншілік өтті. Бұған 6 команда қатысып, әскери міндетін өтеп жүрген 50 спортшы сынға түсті,- деп мәлімдеді полковник К.Үмбетов.

ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале