ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен БҚО әкімі аппаратының басшысы болып Абат Абайұлы Шыныбеков тағайындалды.
Шыныбеков Абат Абайұлы 1973 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі – жоғары, 1995 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын механизациялау», 1998 жылы Батыс Қазақстан «Евразия» тілдер және менеджмент институтын «Экономика - менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының маманы болып бастаған.
Әр жылдары:
- Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы;
- БҚО әкімі аппаратының инспекторы, бөлім басшысы;
- Казталов ауданы әкімінің орынбасары;
- «Нұр Отан» партиясы БҚОФ төрағасының орынбасары;
- Орал қалалық мәслихатының хатшысы;
- Сырым ауданының әкімі;
- Казталов ауданының әкімі болып қызмет атқарды.
Бүгінгі күнге дейін Орал қаласының әкімі болып еңбек етті.
________________