26.04.2022, 15:45
Оқылды: 24

Тоқаев: Конституцияға түзетулер жобасын дайындау жұмыстары басталды

Бұл туралы бүгін өткен "Amanat" партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

HymbbjV74qsvtHD0odJFqzXV6KFmTfcXb4eiy0ir
– Менің тапсырмам бойынша Конституцияға түзетулер енгізу жобасын дайындау жұмыстары шұғыл басталды. Негізгі заңға өзгерістер енгізбей алға қойылған ауқымды өзгерістерді іске асыру мүмкін емес екендігі түсінікті. Шын мәнінде, конституциялық реформа – Тәуелсіздік тарихындағы жаңа белес. Мұның бәрі уақыт талабынан және қоғам сұранысынан туындап отыр. Біз Жаңа Қазақстанды құру үшін батыл өзгерістер жасауымыз керек. Бұл өзгерісті әркім өзінен бастауы қажет, - деді Мемлекет басшысы партияның кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ Президент Ата Заңға өзгерістер енгізу  кешенді жаңартулар үшін қажет деп отыр.

– Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемелекетіміздің саяси архитектурасын кешенді қайта құруға, билік тармақтарының арасындағы тежеу мен қарама-қайшылықтың теңестірілген жүйесін жасауға бағытталған, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

 baq.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале