27.04.2022, 12:15
Оқылды: 43

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңес отырысы өтті. Аталмыш жиынға аудандық қоғамдық кеңес мүшелері мен бөлім басшылары қатысты.

4

Күн тәртібінде алты мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  меңгерушісі А.Мұқанбетиярова аудан әкімдігінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №5 «Жаңақала ауданы бойынша 2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы баяндама жасап, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес аудан бойынша мемлекеттік мекемелерде 2022 жылға жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленіп, аудан әкімдігінің қаулысы бекітілгендігі жөнінде сөз қозғады.

3

Келесі мәселе бойынша аудандық қорғаныс бөлімінің жасақтау бөлімшесінің басшысы Ж.Әбдірахманов АҚЖБ Жасақтау бөлімшесінің азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы есебін айтып, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпанындағы №561-ІV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, 2021 жылдың күзінде (қыркүйек-желтоқсан айларында) 1994-2003 жылы туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары ұйымдастырылып жүргізілгендігін жеткізді.

Үшінші мәселе бойынша аудан бойынша мал ауруына қарсы екпелер жүргізу және иесіз бұралқы ит-мысықтарды аулап ұстау бағытында атқарған жұмыстар туралы аудан бойынша ветеринариялық іс-шараларды қамтамасыз ету мақсатында эпизоотиялық іс-шараларды жүргізуге 99 213 373 теңге, қан алу, тасымалдау жұмыстарына 34 217 750 теңге, ауру жануарларды санитарлық союға тасымалын ұйымдастыруға 154 308 теңге, бұралқы ит пен мысықтарды аулап, жоюға 366 600 теңге, энзоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 2 130 720 теңге, дәрі-дәрмек сақтауға 150 700 теңге бөлінгендігін айтты.

Келесі мәселе бойынша аудандық АЭТ басшысы Б.Бигалиев аудандық электр жүйесі мекемесінің атқарған жұмыстарының есебіне тоқталып, Пятимар-Айтпай 10 кВ әуе желісінің 0.8 км тіректері, сымдары ауыстырылғандығы, Көпжасар ауылдық округінде 0.4 км 10 кВ, 0.7 км 0.4 кВ 18 дана көше жарық шамдарымен әуе желісіне тартылып 1 дана толық трансформаторлық қосалқы станция орналастырылғанын, сонымен қатар осы жұмыстар биыл да жалғасын табатынын жеткізді. Бесінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Д.Ғаббас аудан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы хабарлама жасап, 2017 жылы түзілу және жинақтау нормалары бекітілгендігін, экологиялық кодекстің 73 бабына сәйкес есептеу қағидасын бекіткен соң әрбір мекеменің төлқұжатын жасақтап, нақты жинақталу норма есебін қайта бекітетіндерін қысқаша айтып өтті.

Соңғы мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Семенов «2021 жылға арналған аудан бюджетінің атқарылуы туралы» және «2021 жылға арналған ауылдық округтер бюджетінің атқарылуы туралы» есебін айтып, аудан бойынша 2021 жылы түзетілген түсімдердің жылдық жоспары 7 млрд. 153 млн. 627,8 мың, соның ішінде трансфеттік түсімдер 2 млрд. 453 млн. 484,8 мың, субвенция 3 млрд. 496 млн. 214 мың, мемлекеттік ішкі қарыздар 129 млн. 788 мың, бос қалдық қаржылары 145 млн. 679 мың, бюджеттік кредиттерді өтеу 52 млн. 052 мың, кірістер 876 млн. 410  мың теңге, аудандық бюджетке өз кірістерінің орындалуы 1 млрд. 064 млн. 382 мың құрап жылдық жоспар 121,4 пайызға орындалғанын, сондай-ақ салықтық түсімдер жоспары – 853 748 теңге, орындалуы – 971 701 теңге, салықтық емес түсімдер жоспары – 14 662 теңге, орындалғаны – 71 657 теңге, негізгі капиталды сатудан түсімдер жоспары – 8000 теңге, орындалуы – 21 024 теңге. Аудан бойынша 2022 жылдың 1 қаңтарында бюджеттің шығыс жағы жоспары – 7 млрд. 153 млн. 627,8 мың болса, игерілу көрсеткіші – 6 млрд. 975 млн. 718 мың теңге 97,5 пайызды, игерілмеген қаражат – 177 909,8 теңгені құрайтынын нақтылап айтты.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале