27.04.2022, 17:30
Оқылды: 88

Ардагерлер арасындағы жарыс

Бүгін Жәнібек ауданының 100 жылдығына орай аудандық ардагерлер үйінде зейнет жасындағы ардагерлер арасында шахмат, дойбы, бильярд және ұлттық ойын – тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Абдолова, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Нұрболат Садырбаев қатысты.

21

«Қарты бар елдің, қазынасы бар» демекші, біз ардагерлерімізді әрдайым мақтан тұтамыз. Сіздер өздеріңіздің белсенді өмір салтыңызбен кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетіп келесіздер. Аудандағы мәдени-көпшілік шаралардың үнемі бел ортасында жүресіздер. Аудандық ардагерлер кеңесі жанында «Ақниет» және «Надежда» әжелер ансамблі жұмыс жасайды. Сондықтан Амангелді Мырзағалиұлы сізге, сіз арқылы ұжымыңызға шынайы алғысымызды білдіреміз. Ауданның бір ғасырлық мерейтойына орай шақыру билеттері шығарылып, таратылып берілді. Соған орай Алматы, Нұр-Сұлтан, Орал қалаларынан қонақтар келеді деп күтілуде. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деді жарыстың ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген Асхат Хамитұлы.

22

Аталған спорт түрлерінен өткен жарыста ардагерлер намысты қолдан бермеуге тырысты. Соның нәтижесінде бәсекенің де көрігі қызды. Жарыс қорытындысы былайша сипатталды. Шахматтан алғашқы үштікті Б.Есмұхамбетов, Е.Жұбанов және С.Масанов қорытындылады. Дойбыдан Е.Әміров бірінші, С.Құсайынов екінші, С.Ахметов үшінші орынды еншіледі. Е.Өтеғалиев «Үздік ойын өрнегін көрсеткені үшін» аталымына ие болды. Бильярдтан бірінші орын Е.Құбашевқа, екінші орын Б.Ғаниевке, үшінші орын А.Құсайыновқа бұйырды. Тоғызқұмалақ бойынша бірінші орынға Қ.Асанғалиев, екінші орынға С.Қауенов, үшінші орынға Ш.Рамазанов шықты. Ал Ғ.Шагиров «Үздік ойын өрнегін көрсеткені үшін» аталымымен марапатталды.

23

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев медаль, диплом және бағалы сыйлықтармен марапаттап, барша қатысушыларға алғысын білдірді. Айта кетейік, жарысқа аудан орталығындағы ардагерлермен қатар Ұзынкөл және Тау ауылдық округтерінен келген зейнет жасындағы азаматтар да қатысты.

А.Есіркепов, 

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале