Ертең сағат 17.00-де (жергілікті уақыт бойынша) Орал қаласының мамандандырылған ХҚО бөлімінде (Жәңгір хан көшесі, 160) қызметкерлердің эвакуациялауға дайындығын тексеру және өрт қауіпсіздігі бойынша тактикалық оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ "БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ бірлесіп, объектідегі өрт сөндіру бойынша жеке құрамның іс-қимылдары пысықталатын болады.
Осы себепті Мамандандырылған ХҚО бөлімінің жұмысы сағат 17.00-ден бастап уақытша тоқтатылады.
Қала және облыс тұрғындарынан аталған бөлімге баруды жоспарлау кезінде жұмыс кестесіндегі осы өзгерісті ескеруді сұраймыз.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік
корпорациясының БҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметі