Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті. Күн тәртібінде қаралған төрт мәселенің біріншісі – аудан бойынша бюджеттің игерілуі және кірістердің орындалуы туралы. Аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Сариев баяндады. Баяндамашы аудан бюджетінің кірісі мен шығысының бүге-шігесіне дейін тоқталды. Аудан орталығындағы бөлімдер, бірқатар ауылдық округтерде де игерілмеген қаражаттар бар.
Аудан әкімі аталған бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне игерілмеген қаржыны тездетіп игеруін тапсырды.
Әрмен қарай сөз алған аудандық санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы С.Ералина аудан бойынша «Еуропалық иммундау апталығының» өту барысы туралы айтты. Баяндамашының айтуынша, ауданда балаларына екпе салдырудан бас тартқан отбасылардың саны 60-қа жуықтаған. Көпшілігі - діни көзқарастағы ата-аналар. Азамат Сафималиұлы аталған ата-аналармен түсінік жұмыстарын жүргізуді күшейтіп, арнайы бейнероликтер дайындап тарату қажеттігін айтты. Сондай-ақ Салтанат Хамитқызына аудандық ішкі саясат, ауылдық округ, білім беру бөлімімен бірлесіп жұмыстануды тапсырды.
Ауданда санитарлық-экологиялық айлық аясында сенбіліктер ұйымдастырылуда. Осы турасында аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Жаналиев атқарылып жатқан жұмыстардың барысына тоқталды. Хабарламашының айтуынша, алдағы сенбіде барлығы 850 көшет отырғызу жоспарланған.
Өз кезегінде мерзімді басылымға жазылу барысы туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Л.Садирова хабарлама жасады. Аудан басшысы бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдеріне мамыр айының аяғына дейін мерзімді басылымға жазылымды аяқтауды тапсырды.
Төртінші мәселеде Жәнібек ауданының 100 жылдығына орай өткізілетін іс-шараларға дайындық барысы қаралды. Мәселе төңірегінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы – Л.Садирова, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Бақтығалиев айтып берді. Алтай Бақтығалиұлы мерейтойдың жоспарымен таныстырды.
Гүләсем Қуан,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz