29.04.2022, 18:20
Оқылды: 427

Өңір басшысы – Қаратөбеде

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев Қаратөбе ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге басқарма, мекеме басшылары, жергілікті атқарушы құрылым өкілдері және тұрғындар қатысты.

799167C6-9176-4D64-873C-AB08864A644A

Әуелі бейнеролик көрсетіліп, жиынға қатысушылар Қаратөбе ауданының тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімен танысты. Аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев өткен жылы ауданның әр саласында жүзеге асырылған жұмыстар жайында баяндама жасады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ағымдағы жылдың 16 наурызындағы «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты жолдауында «Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру» деген болатын. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін қоғам мен билік арасында диалог орнатудың маңызы зор. Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда да бүгінгідей кездесулердің де орны ерекше. «Келісіп пішкен тон келте болмайды» дейді дана халқымыз. Ауданымызда 2021 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды талқылауға жиналып отырмыз. Өңірді дамыту, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешудің негізгі құралы – мемлекеттік бюджет қаражаты, – деді Қадыржан Орынбасарұлы.

645C9248-94DB-4F2D-A6B7-B0344E9C97E7

Жиын барысында өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы тұрғындарды ашық диалогқа шақырып, мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерді шешудің жолын қарастыруға дайын екенін айтты. Аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев әлеуметтік желілерге жолданған сауалдарды оқып, оған тиісті басқарма басшылары жауап берді. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар да сұрақ қойды. Облыс әкімі көтерілген мәселелердің уақытылы шешімі табылатынын жеткізді.

AD99B514-7BF3-4106-AADF-674311800BF1
– Қаратөбе – небір таланттардың мекені. Жылдан-жылға әлеуметтік-экономикалық бағытта дамып келеді. Аудан тұрғындарының кішіпейіл, қиналғанға қолғабыс етуге құштар екенін кешегі төтенше жағдайлар кезінде де байқадық. Су тасыған сәттерде халыққа көмек қолын созған жандарға мың алғыс! Ауызбіршіліктің арқасында әлі талай сыннан өтеміз деген ойдамын. Республикадан келесі жылдан бастап қаражат құйылады. Соған орай бірқатар жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысын әркез қолдап, игі істердің ұйытқысы бола берейік, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
Кездесуден кейін облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады.

C6EFE9B6-7897-452B-BF8D-D8665C6F5045

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале