3.05.2022, 11:15
Оқылды: 60

«Орал өңірімен» біргемін!

«Орал өңірі» газеті жарты ғасырдан астам уақыттан бері рухани серігім болып келеді. Медицина саласында, партиялық жұмыста, әділет, халыққа қызмет көрсету құрылымдарында еңбек еткен кезде бұл басылымның жұмысымызды ұйымдастыруға көмегі тиді. Ең бастысы, рухани тұрғыдан дамуымызға айтулы үлес қосты. Бүгінде зейнеткер болсақ та, төл газетімізді қолымыздан тастамаймыз. Әлі күнге дейін көп нәрсені біліп, үйреніп жүрміз.

рахиля бабакожа

Ғасырдан астам тарихы бар «Орал өңірі» өзекті мәселелерді орынды көтеріп, соның шешілуіне атсалысып келеді. Үнпарақтың бетін парақтай бастасаң, бүгінгі өмір шындығын көресің. Мұнда балаға да, жасқа да, жасамысқа да, аға буын өкіліне де қажет рухани дүние көп. Редакция басшылығының газет ісін ұйымдастыра білуі, тілшілердің ізденістері  ұнайды. Мен қашанда  «Орал  өңірімен»  біргемін!

Рахила Бабақожа,

Дариян ауылы,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале