ҚР Бас прокуратурасының 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, қаңтар оқиғасы бойынша 288 қылмыстық іс сотқа жолданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұған дейін хабарланғандай, тергеудің аяқталуына қарай қылмыстық істер сотқа жолдануда. Қазіргі уақытта, сотқа 288 қылмыстық іс жолданды, оның 208-і Алматы қаласында, Алматы облысы – 49, Жамбыл – 10, Шымкент қаласында – 9, Қызылорда – 5, Түркістан – 4, Ақмола – 2 және Атырау облысында – 1», - деді Бас Прокуратура өкілі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Оның айтуынша, аталған істер негізінде 275 адам сотталған.
«Оның ішінде 22 адам бас бостандығынан айыруға, қалғандарына бас бостандығын шектеу, қоғамдық жұмыстар және айыппұл түріндегі жаза қолданылды», - деді Елдос Қилымжанов.
Бұған дейін ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов қаңтар оқиғасы кезінде әсіресе үш өңірде нысандар қатты тоналғанын айтқан еді.