Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Ащысай және Шыңғырлау ауылдық округтерінде әкімдердің кезекті есептік кездесулері өтті. Жиындарға аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова қатысты.
Ащысай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Бақтыгүл Орынбаева және Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі Әділ Қаражанов үстіміздегі жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, слайд арқылы халық құрамын, ауылдағы мал саны, өткізілген шараларды тұрғындарға ұсынып отырды. Ащысай ауылында екі сағатқа созылған жиында халық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тарапынан салынатын айыппұлдарға наразылықтарын білдіріп, қосымша ит ату, жол салу, ауыл тазалығы секілді мәселелерді көтерді. Ал Шыңғырлау ауылының тұрғындары салынып жатқан жолдар туралы, ауруханада мамандардың жетіспеуі, т.б. мәселелерді ортаға салды.
Есептік жиындардан соң тұрғындар жеке мәселелерімен аудан әкімінің қабылдауында болып, өздерін толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап ала алды.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz