4.05.2022, 18:00
Оқылды: 50

Aqjaiyq ӘКК жер телімдерін беруде заң талабын бұзған

Батыс Қазақстан облысында «Aqjaiyq» ӘКК-ның қызметінде бәсекелестікке қарсы іс-әрекет белгілері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

35

Фотосурет: islam.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлім еткендей, БҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен өңірдің монополияға қарсы департаментінің хабарламасы заңды деп танылды.

Анықталғандай, 2021 жылдың желтоқсанында Батыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы департамент «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ қызметінен заңнаманы бұзу белгілерін анықтады.

Атап айтқанда, «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ Үкімет қаулысымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесіне қайшы келетін тұрғын үйлер, автожанармай құю станциялары, сауда алаңдары және басқа нысандар салу үшін жер телімдерін бергені белгілі болды.

ӘКК құрылған сәттен бастап 2019 жылғы желтоқсанда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін барлығы 32 жер телімі берілсе, соның 23-і Үкімет белгілеген тізбеге сәйкес келмейді.

Анықталған фактілер негізінде БҚО бойынша монополияға қарсы департамент «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жіберді.

«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ осы хабарламаға байланысты БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына шағым түсірді. Ал аталған сот биылғы 15 сәуірдегі шешімімен ӘКК-нің монополияға қарсы департаменттің хабарламасын заңсыз деп тану және күшін жою туралы талабын қанағаттандырудан бас тарты.

«Сот «Аqjaiyq» ӘКК» АҚ-ның Ауыл шаруашылығы министрлігінің атына жер заңнамасында анықталған бұзушылықтар туралы және Батыс Қазақстан облысының прокуратурасына жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттерінен, жер телімдерін беру кезінде анықталған қылмыстық құқық бұзушылық белгілері туралы жеке қаулылар шығарды. БҚО МАӘС-тың шешімі мен жеке қаулылыры күшіне енген жоқ», деп хабарлады ведомстводан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале