5.05.2022, 9:46
Оқылды: 34

«Донор аудан Бөрлі ғана»

Әлеуметтік желіден «Бұрын Бөрлі ауданы өңірдің маңдайға басқан жалғыз доноры еді, енді облыс бюджетіне екінші донор Бәйтерек ауданы қосылды» деген ақпаратты көзім шалды. Шынымен солай ма?   

3

Нұрия Гайтпаева, БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Бюджет кодексінің 44-бабына сәйкес облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы бюджетаралық қатынастар трансферттермен, бюджеттiк несиелер мен (кредиттермен), кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттеледі. Осыған сәйкес 2021 жылдан бастап Бәйтерек ауданы на реттелетін салықтар (корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық) бойынша облыстық бюджетке аударымдар қарастырылды. Ондай аударымның шамасы 2021 жылға 800 млн теңгені, 2022 жылға  861,9 млн теңгені құрады.  Өз кезегінде облыстық бюджеттен бұл ауданның бюджетіне бөлінген трансферт көлемі 2021 жылы 6,8 млрд теңге, 2022 жылға 5,8 млрд теңге болды. Сондықтан жергілікті бюджетке «құйған» салығынан гөрі облыстық бюджеттен алған  тарансферті көп Бәйтерек ауданын өзін толықтай қамтыған донор деуге әлі ерте.

Басқа аудандар бойынша облыстық және аудандық бюджеттер арасындағы қатынастарға реттеу қажет болғандықтан, реттелетін салықтар бойынша облыстық бюджетке аударымдар қарастырылды. Әзірге біздің өңірде өзін толықтай қамтып отырған бір ғана аудан  – Бөрлі.  Жылына шамамен 50 млрд теңге шамасында салық төлейді. Алатын трансфертінің ауқымы 1-2 млрд теңге шамасында.

Гүлнәр Шәңгерей,

Орал қаласының тұрғыны

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале