6.05.2022, 10:30
Оқылды: 79

ЦентрКредит банкі Альфа-банк Қазақстанның акцияларын толық сатып алды

Банк ЦентрКредит «Альфа-Банк Қазақстан» еншілес банкі» акционерлік қоғамының 100% жай акцияларын сатып алғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220506103320489e

Банк қажетті тіркеудің бәрінен өткеннен кейін ECO BANK брендімен жұмыс істейді. Толық атауы - «ECO BANK» еншілес банкі» акционерлік қоғамы.

«БанкЦентрКредиттің» ресми сайтында «Альфа-Банк Қазақстан» еншілес банкінің» клиенттері үшін банк өнімдерінің барлық шарты бұрынғы қалпында қалатыны айтылған.

«SDN тізімінен шығару процедурасы аяқталғаннан кейін банк қызметтерінің барлық тізбесі қолжетімді болады. Бұдан былай біздің клиенттерімізге айналған тұлғаларға қолайлы болуы үшін BCC.KZ веб-сайтында сұрақ-жауап форматында естелік ақпараттар жарияланды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда жеке тұлғалар 505 нөміріне, заңды тұлғалар 605 нөміріне хабарласа алады», - деп жазылған банктің мәліметінде.

Сайттағы мәліметке сенсек, «Альфа-Банк Қазақстанды» сатып алуға «Банк ЦентрКредиттің» өз қаражаты жұмсалған.

«Қазіргі таңда банктің ребрендинг жұмыстары басталып кетті. Яғни, еншілес банктен Қазақстанның қаржы нарығында 33 жылдан бері жұмыс істеп қала жатқан «Банк ЦентрКредит» сияқты тұтастай қазақстандық банкке айналады», - деп жазады банктің сайты.

«Банк ЦентрКредит» АҚ басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов санкция түсен банкті сатып алу тәжірибесі Қазақстанда алғаш рет болып жатқанын айтады.

«Қысқа мерізмде осы келісімді сәтті аяқтағаны үшін бүкіл қатысушыларға алғыс айтамын. Біз үшін клиенттер тарапынан түсіп жатқан мәселелерді шешу басты бағыт болмақ. Сондай-ақ, біз қызметкерлердің бір команда болып жұмылып, жаңа банктің бизнес-процестеріне атсалысуын қатмасаыз етуіміз керек. Мұның бәрі келешекте ұзақ мерзімді әрі серіктестік қатынас орнатуға ниетті клиенттерімізге арналған жаңа әрі қарапайым өнімдерді іске қосып, банктің жағдайын жетілдіруге жол ашады», – дейді банк басшысы.

Бұған дейін Қаржы агенттігі қазақстандық банктің Альфа банк мәртебесін иеленуіне келісім берген еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале