Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Қауіпсіздік және тәртіп сақтау» бөлімінің ұжымы әріптестері Мәлік Сейтқазиевті зейнеткерлікке шығарып салды.
63 жасқа толған мерейтой иесінің құрметіне арналған іс-шарада университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов басқарма төрағасы-ректор А.М.Наметовтің құттықтау хатын табыстап, еселі еңбегінің зейнетін көруге тілектестік білдірді. Сонымен бірге Ақылбек Ұзақбайұлы білім ордасының қауіпсіздігіне жауапты ер-азаматтар ұжымын 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтады.
Бұдан әрі аталмыш бөлімнің бастығы Жанболат Мусадиев сөз алып, осы бөлімде 10 жылдан астам уақыт жұмыс жасаған Мәлік Сейтқазиевтің өз ісін жауапкершілікпен атқарып, үлкен абырой-беделге ие болғанын атап өтті. Жұмыстастары атынан құттықтаған Ерболат Хайруллин де мерейтой иесіне ақжарма тілегін арнады.
Шара соңында мерейтой иесі М.Сейтқазиев өзіне құрмет көрсеткен басқарма басшылығы мен ұжымына ризашылығын білдірді.
БҚАТУ медиа орталығы