10.05.2022, 20:27
Оқылды: 71

Табылғали Сапаров: "Қоғамдық пікірді қалыптастыратын - ақпарат!"

Белгілі қоғам қайраткері, "Жайық Пресс" ЖШС бас директоры Табылғали Сапаров Сырым ауданының активімен кездесті. Жиынның күн тәртібінде ІІ жартыжылдыққа басылым беттеріне жазылу науқаны жайы айтылды.

IMG-20220505-WA0119

Қазіргі таңдағы жазылу науқанындағы негізгі мәселе – мұғалімдердің газет оқуға құлықсыздығы. Табылғали Сапаров аудандық және облыстық басылымдардың бүгінгі таңда ақпараттық қана емес ағартушылық та қызмет жасап жатқанын, әсіресе «Орал өңірі» газетінде педагогтар үшін құнды дүниелер бар екенін айтты.

IMG-20220505-WA0114

Кейін әңгіме желісін қоғамдық сана - сезім тақырыбына қарай бұрды:
- Адам газет оқудан қашпауы керек. Газет - ең қолжетімді бұқаралық құрал. ХХІ ғасырдың адамына ақпаратты сараптамай, зерделемей болмайды. Себебі, ақпарат хабар - мәлімет деңгейінен қару деңгейіне көтерілді. Медиа - қоғамдық пікірді қалыптастырып жатыр. Елдің басында, әлемде неше түрлі саяси оқиғалар орын алды емес пе? Көтеріліс пен соғысқа адамдар "ақпараттық дәліз"  арқылы келуде", - деп баспасөз саласының заманға ықпалын атап.

Жиналысты Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев жүргізді. Жиын аяқталғасын бас директор «Жайық Пресс» ЖШС Сырым аудандық филиалы орналасқан редакция ғимаратының жағдайымен танысты. Нысан сылағы құлап, терезесі сынып, азып тұр. Табылғали Сапаров Төлеген Төреғалиевпен ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу мәселесін ақылдасты.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале