Нұр-Сұлтан қаласында өткен мектептер арасындағы республикалық "Jaidarman" сайысынан жүлделі ІІ орынмен оралған "Сары бүркіт" командасы ұтып алған 200 мың теңгелік сертификатын Юлия (Айша) Есмагуловаға әкеліп табыстады.
Өздері бала бола тұра, жерлес кішкентай қарындастарына жүлдесін қия салған "сары бүркітшілердің" ісіне кім-кім де разы болары сөзсіз.
Юлия-Айшаның анасы балаларға бар батасын жаудыруда. Оның мәлімдеуінше, "Сары бүркіт" командасының жетекшісі Нұрболат Жұмағазиев Нұр-Сұлтан қаласына аттанарда шәкірттерімен "Не жеңіп алсақ та, Юлияға (Айша) әкелеміз" деп келіскен екен.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz