Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихат залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған жалпыхалықтық референдумге байланысты аудандық штаб отырысы өтті.
Штаб жұмысына «AMANAT» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының атқарушы хатшысы, штаб төрағасы Абат Кәрімұлы, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Меңдешов және штаб мүшелері қатысты.
Референдумға байланысты құрылған аудандық штаб құрамында әр саладан жасақталған 24 адам бар.
Штабтың ашылуында сөз сөйлеген төраға Абат Зейнуллин еліміз бойынша 2022 жылдың 5 маусымы жалпыхалықтық референдум өтетінін, соған орай ауылдық елді мекендерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, ауыл тұрғындарын заңға енгізілетін өзгерістермен таныстыру қажет екенін атап өтті.
Аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Меңдешов халықпен тығыз жұмыс жасауда саяси белсенділікті арттыру қажеттігіне тоқталып өтті. Отырыс соныңда штаб мүшелері тарапынан заңға енгізілетін қажетті ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Әмірбек Жәнібеков,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz