12.05.2022, 15:59
Оқылды: 45

Қазақстан мен Өзбекстан 15 мамырдан бастап теміржол қатынасын қайта жандандырады

15 мамырдан бастап №647/648 жолаушылар пойызы Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс бағыты бойынша қатынай бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

AF3D1DBC-5E7C-429B-9C47-F0C126F8E87C

«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ келісімі бойынша Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жолаушылар тасымалы қалпына келтіріліп жатыр, деп мәлімдеді «Өзбекстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі.

15 мамырдан бастап №647/648 жолаушылар пойызы Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс бағыты бойынша қатынай бастайды. Ал осы жылдың 16 мамырынан бастап № 1/2 пойызы Алматы – Ташкент – Алматы бағыты бойынша рейске шығады. Рейстердің «Ташкент – Орталық» теміржол вокзалынан Қазақстанға қатынау жиілігі аптасына үш рет.

Еске салсақ, Өзбекстан 2020 жылғы наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты сыртқы жолаушылар теміржол қатынасын тоқтатқан еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале