12.05.2022, 14:44
Оқылды: 90

«Апай! Тез жазылып кетіңіз!»

«Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің Facebook парақшасындағы ақ қан ауруына шалдыққан шыңғырлаулық Нұрхат Қалдыбай туралы «Өмір үшін күрескен балуан» атты жазбаны 17 841 оқырман оқыған. 500 -ге тарта адам пікір білдіріп, 111 қолданушы бөліскен. Елдің көңілі мен көмегінің деңгейі бірдей болар деп үміттеніп біз отырмыз.

FEC4DE4C-3024-48E9-ADF6-024838091717

Дәл қазір сырымдық Назгүл Зайнуллинаның да сындарлы сәттерді бастан өткеріп жатқанын ұмытпайықшы.

Назгүл – біздің қыз, біздің қарындас. 1999 жылы дүниеге келген. Тоғанастағы В. И. Шубин атындағы мектепте оқыды. Оқып жүріп білім сайыстарында биік жетістіктерге жетті. Кейін Махамбет атындағы Батыс Қазақстан университетіне оқуға түсті. Университет қабырғасында жүріп тарихи археологиялық қазба жұмыстарына араласты. Орал қаласындағы №49 мектепке қызметке тұрғаны да күні кеше еді...

FFCD3590-C6D3-4121-B322-7930F2FD1D47

Жұтқыншақ обыры! Бұл - қара шашы төгілген, қасы-көзі қиылған бойжеткенге қойылған диагноз. Дертті жеңу үшін 18 млн теңге қаражат қажет. Ауылда тұратын қарапайым жанұяның оған хәл-дәрмені жете ме? Бірақ, аруды аурудың қыспағынан алып шығуға халықтың күші жетуі мүмкін.

Назгүл қазіргі таңда Мәскеу қаласындағы клиникада ем алуда. Химиялық және сәулелік терапияны қатар қабылдауда.

Әлі 8 млн теңге қажет. Ресейде дәрі-дәрмек сұмдық қымбат. Азық-түліктің бағасы да «ұшып тұр», – дейді Назгүлдің жақындары.

Сондықтан, қызылды - жасылды дүниенің арасында жүрген біз жаны үшін арпалысып жатқан біздің батыр қызды да ұмытып кетпейікші.

Instagramm желісіндегі @help_nazgul_komek_ парақшасында Назгүл Зайнуллинаға қатысты барлық ақпарат бар. Назгүлдің аурухана кереуетінде жатқан суретінің астына:

Апай! Тез жазылып кетіңіз! – деп жазыпты Райымбек деген бала. Шамасы, оқушысы болса керек. Назгүлдің дертінен айыққанын жанұясы да, шәкірттері де, тіпті түгел Қазақ жұрты тілейді деп сенеміз.

Жәрдем берем дегендер үшін:

Kaspi bank: 4400 4301 9423 6649

Сбер: 4263 4333 3116 5321

Kaspi GOLD: 8771 453 86 58 (Ұмсынғаным. З - анасы)

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале