13.05.2022, 11:44
Оқылды: 31

Ауыл-аймақта түсіндіру жұмыстары жүруде

Қазақстан Республикасында 2022 жылдың 5 маусым күні өткізілетін Республикалық референдум туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына орай барлық өңірлерде жұмыстар басталды. Атап айтсақ, ақпараттық насихат топтары мен аумақтық штаб құрылып, түсіндіру шаралары жер-жерде қарқын алуда.

IMG-20220513-WA0028

Кеше штаб мүшелері Айсұлу Арыстанова және Бекайым Аубакирова Ащысай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, референдум туралы мол ақпараттар берді. Сондай-ақ референдумға қатысу арқылы өздерінің азаматтық көзқарастарын білдіру, заңдағы өзгерістерге халықтың да үлес қосуының маңыздылығын айтып, референдумға қатысуға, белсенділік танытуға шақырды.

А.Аңсар,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале